Денсаулықтың кейбір сырлары
» Бір күнде 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз!
» Әр жемісті және көкөністі өз (маусымында) уақытында ең аз дегенде екі рет жеңіз!
» Балалар үшін сүтті, ересектер үшін айранды дастарханнан үзбеңдер!
» Аурымасаңдар да шипалы өсімдік және көкөністерді қолданыңдар!
» Үйде әрқашан жалбыз, жөке, сәлбен, тасшөп, итмұрын, райхангүл, зімбір, қарақұлақ, даршын және шай болсын.
» Сарымсақ, пияз, екпе шиырмақ, ақжелкен, жалбыз, аскөк,райхангүлді көбірек жеңдер!
» Салаттарыңды түрлі-түсті қылып жасаңдар!
» Дайын сорпаларды (пакеттегі, тез пісетін) ішпеңдер.
» Қызанақ – керемет бір антиоксидант. Қызанақ соустарын үйде жасаңыздар.
» Бір күнде 3-4 дана бадам, жаңғақ және фундук жеу, сізді қуатты қылады.
» Бір аптада ең аз дегенде 2 рет бұршақты дақылдар және балық жеңіздер!
»Тамаққа қыштан, болаттан және шыныдан жасалған ыдыстарды пайдаланыңыздар!
» Қыста апельсин, лимон, грейфрут және мандарин жеңдер!
»Қыста күндерді қара нанмен бастаңдар! Ақыл-оймен жұмыс істейтіндер кептірілген жүзім жесін!
» Арпадан жасалған нанды жеңіздер!
» Әр күн тәңертең 20 минут дем алып шығару жаттығуларын жасаңдар!
» Таң ертең уйіңізді және жұмыс орныңызды 5 минут желдетіңіз!
» Әр күні 30 минуттай қарқынды түрде жүруге тырысыңыз!
» Түнгі ұйқының аз болғанында, шаршаған кезде де түске таман қысқа уақытты ұйқы жақсы!
» Денеңізді қатты жауратпауға тырысыңыз!
» Таңғы аста әрқашан столдың үстінде бал тұрсын!
» Тұз және шекерді мөлшерден артық қолдану зиян!
» Маргариннен ұзақ тұру, жүрек және тамырларыңызға жасалған ең үлкен жақсылық!
» Бір күнде бір алма немесе сәбіз жеу, денеге өте пайдалы!